Бұл үшін арнайы 8-727-2995073, 87074135922 қызыл желі телефондары жұмыс жасайды.
ERNUR.KZ. Алматыда есепші мемлекеттік қызметшіге берген 50 000 теңге парасын мемлекетке 10 есе етіп қайтаратын болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы кәсіпорындардың бірінің есепшісі мәселесін өз пайдасына шешкізу мақсатында Бостандық аудандық басқармасының қызметшісіне 50 000 теңге пара ұсынған. Көп ұзамай есепші мемлекеттік қызметшіге пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы экономикалық істер бойынша ауданаралық соты есепшіні ҚР ҚК 367-бабы бойынша айыпты деп тауып, берген парасын 10 есе, яғни 50 мың теңгені 500 мың теңге етіп қайтаруға үкім шығарды. Қалалық МКД азаматтар арасында мемлекеттік қызметшіге пара беру жағдайын көрген болса, департаменттің ішкі қауіпсіздік бөліміне хабарласуын өтінеді. Бұл үшін арнайы 8-727-2995073, 87074135922 қызыл желі телефондары жұмыс жасайды.
«Ішкі қауіпсіздік басқармасы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің тарапынан болатын құқықбұзушылықтармен қатар, салық төлеушілер тарапынан болатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге кешенді жұмыстар жүргізіп тұрады», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.