"574 миллион шығын": Петропавлда бұрынғы шенеунік әйелімен бірге бюджетті тонаған

0
839

Қазіргі таңда шыққан шығын қайтарылған жоқ.


ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттің 600 миллиондай теңгесін қолды қылды деп күдікке ілінген бұрынғы шенеуніктің ісі сотта қаралып жатыр. Айыптаушы тарап ер адамның әйелімен бірігіп бюджетті тонағанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айыпталушы Әділбек Қалиев тұтқындалғанға дейін қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Прокуратураның мәліметінше, күдікті жеке су жүйелерін мемлекетке қайтару ісінде қызметін асыра қолданыпты.
Оның тендерді басқа біреудің атына рәсімделген өзінің екі компаниясы арқылы жеңіп отырғаны анықталған.
Осылайша қаржы есепшотқа толық аударылғанымен, іс тек қағаз жүзінде ғана атқарылыпты. Ал жалған құжатты экс-шенеуніктің жары дайындаған көрінеді.
Ерлі-зайыптылар тапқан "табысын" жеке кәсіпке жұмсағаны белгілі болды.
Олар дәмхана мен балабақша ашып үлгерген.
Телеарна дерегінше, күдікке ілінген ерлі-зайыптылардың 3 жастағы және бірге толмаған балалары бар.
Сол себепті Динара Қалиеваның сот отырысына үйінен келіп жүргені айтылды.
Осы іске байланысты СҚО әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлім меңгерушісі Сәуле Тоқышева пікір білдірді.

"Әділбек Қалиевтің әрекетінен 574 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қазіргі таңда шыққан шығын қайтарылған жоқ", - деді ол.