6 наурызда ПТР анықтамасыз 307 жолаушы ұшып келді

0
2 562

Өткен тәулікте еліміз аумағына 17 халықаралық әуе рейсі келді.


6 наурызда ПТР анықтамасыз 307 жолаушы ұшып келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 561 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 254 адам, анықтамасы жоқ 307 адам келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен - 1 889, анықтамасыз - 239;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен - 365; анықтамасыз 68 жолаушы келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 2021 жылдың 5 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет жарияланды.

«Анықтамасыз келген 316 қазақстандық азаматтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.