"7-20-25" бағдарламасымен ипотека алғандардың көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейді

0
1 261

Банктер сомасы 30 млрд теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған


ERNUR.KZ. "7-20-25" бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың 60% айына 100 мың теңгеден кем төлейді. Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық ұйымы хабарлады, деп жазады Bag.kz.

Мамандардың есебінше заем алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған. Атап айтқанда Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн теңге, басқа аймақтарда 12 млн теңге. Заем алушылардың қалың көпшілігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда 7-20-25 ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Айта кетейік, 24 қазан күнгі жағдай бойынша, 7-20-25 бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 млрд теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.