АӘК әр балаға 35 мың теңге көлемінде берілуін сұраймыз – көпбалалы ана

0
1 178

Балаларға тағайындалған әлеуметтік пакет аздық етеді дейді көпбалалы ана.


АӘК әр балаға 35 мың теңге көлемінде берілуін сұраймыз – көпбалалы ана

ERNUR.KZ. "Аналар қолөнер орталығының" директоры Гүлім Болатжан Алматыда өткен брифинг барысында АӘК-ға қатысты ойын айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеті қазба байлықтарға бай және АӘК-ті 35 мың теңге көлемінде беруге қауқарлы.
Қазір балаларға әлеуметтік пакет тағайындауда, яғни концтауар, мектеп формасын беріп жатыр. Дегенмен бұл қазіргі уақытта аздық етеді. Былтыр жағдайы жақсы, екі қабатты зәулім үйде тұратындар АӘК алды да, нағыз көмекке зәру, пәтер жалдап тұрып жатқан адамдар тыс қалды. Алдағы 17 наурыз күні Тоқаевқа кіргелі отырмын. Ол жерде де осы мәселені көтеремін. Балалар елдің болашағы, сондықтан әр балаға 35 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалу керек, - дейді көпбалалы ана.
Жиын барысында кейбір аналар директордың пікірімен келіспейтіндіктерін білдірді. "Бақытты отбасы" әлеуметтік аналар орталығының HR-менеджері Марфуға Сайдалиева бірінші кезекте аналарды жұмыспен қамтуға көңіл бөлу керек дегенді айтты.
Былтыр барлығына жаппай 21 мың теңге көлемінде АӘК берілді. Алайда бұл балаларға жұмсалмады. Қазір АӘК сомасы қысқартылғанымен, мемлекет балалар үшін нақты әлеуметтік пакетті тағайындады, яғни онда нағыз балаға қажетті заттар қамтылған. Сондықтан әлеуметтік көмектің бұл түрі тиімді, - дейді ол.
Медеу ауданындағы "Бақыты отбасы" орталығында биыл 800-ге жуық адам АӘК бойынша консультация алған. Соның 422-сі атаулы әлеуметтік көмекке қолжеткізген.