Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

0
1 318

Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.


Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Zakon.kz.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты былтыр 9 жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп жазды "Не Молчи" қоғамдық қорының президенті Дина Смаилова Instagram желісіндегі парақшасында.

Ер адам жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

2022 жылғы тамызда Үржар ауылында 9 жастағы қызды көршісі аяусыз зорлаған. Полицияға арызды баланың анасы жазған, ол істі жабылып қала ма деп қорыққан, өйткені оның айтуынша, күдіктінің туысы полицияда жұмыс істейді. Әйелдің айтуынша, көршісі 48 жаста, үйленген, балалары бар.