Абай облысында кондуктор жолақысын төлей алмаған баланы автобустан түсіріп жіберген

0
105

Жолаушы интернеттің жоқтығына байланысты жолақысын уақытында төлей алмаған.


Абай облысында кондуктор жолақысын төлей алмаған баланы автобустан түсіріп жіберген

Фото: Абай облысы ПД

ERNUR.KZ. Абай облысында кондуктор кәмелетке толмаған жолаушыны автобустан түсіргені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция департаменті 26 қарашада Instagram әлеуметтік желісіндегі mysemey парақшасында жарияланған факті бойынша жүргізілген тексерістің нәтижелері туралы хабарлайды.

"Аталған арыз бойынша алдыңғы кеште №22 автобустың кәмелетке толмаған жолаушысы интернет байланысының жоқтығына байланысты жолақысын уақытында төлей алмаған. Байланыстың қалпына келуін күте тұруды сұрағанына қарамастан, кондуктор оны автобустан шығуын талап етіп, мәжбүрлі түрде қараңғы уақытта түсіріп жіберген.
Тексеру барысында 2025 жылдың 24 қарашасында ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қатынаған он алты жасқа толмаған жолаушының мәжбүрлі түрде түсірілгені анықталды", – делінген хабарламада.

Кондуктор кәмелетке толмаған жолаушыны қоғамдық көліктен күшпен түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Тасымалдаушымен профилактикалық жұмыс жүргізілуде.