Мәскеуде ҰҚШҰ отырысы өтті: келесі жылы ұйымға Тәжікстан төрағалық етеді

0
133

​ҰҚШҰ отырысына Қазақстан делегациясын Аида Балаева бастап барды.


Мәскеуде ҰҚШҰ отырысы өтті: келесі жылы ұйымға Тәжікстан төрағалық етеді

Фото: Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) отырысы өтті. Оған Қазақстан делегациясын Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан делегациясының құрамында Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов те болды.

ҰҚШҰ отырысында әскери-саяси ахуал, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, ұйымның маңызды бағыттары талқыланды.

«Отырыс барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында бекітуге ұсынылған құжаттардың жобалары қаралды. 2027 жылы ұйымға төрағалық ету Тәжікстан Республикасына өтеді», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, отырыс аясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерімен жұмыс кездесулері өтті.