«Жалған қызметкерлерге» 5,8 млн теңге жалақы аударған мектеп басшылығының ісі әшкере болды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында арнайы мектеп басшылығы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп жазады baq.kz.
Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысы білім басқармасының «Облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері еңбек қызметін нақты атқармаған адамдарды жалған жұмысқа орналастыру арқылы жалпы сомасы 5,8 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Прокуратура материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне сотталды, - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының заңды пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.


