Келісім 1,5 жылға жасалды, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
ERNUR.KZ. Түркияның "Адана Демирспор" клубы "Астана" және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен келісімшартқа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
"Адана Демирспор" баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 1,5 жылға жасалған.
"Адана Демирспор" 23 матчта 31 ұпай жинап, Суперлига кестесінде сегізінші орында тұр. Қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер болып есептелмейді. Абат"Қайрат" пен "Ақтөбеде" де ойнаған.
Өткен маусымда шабуылшы "Астана" сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.