Әбу-Даби плаза жұмысшылары еңбекақысын өсіруді талап етті (ВИДЕО)

0
1 129

Жиналғандармен қаланың мемлекеттік бас еңбек инспекторы Е. Ысмағұлов пен Есіл ауданының прокуроры Д. Катаев кездесті.


Әбу-Даби плаза жұмысшылары еңбекақысын өсіруді талап етті (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. 2019 жылғы 3 шілдеде сағат 10:00-де салынып жатқан «Әбу Даби плаза» нысанының аумағында еңбек жағдайлары, сондай-ақ жалақыны арттыру туралы талаптарын білдіру мақсатында қосалқы мердігерлік жұмысшылар жиналды, деп жазады sn.kz.

Жиналғандармен қаланың мемлекеттік бас еңбек инспекторы Е. Ысмағұлов пен Есіл ауданының прокуроры Д. Катаев кездесті. Олар жұмысшыларға компанияның кеңсесіне барып, мәселені әкімдік басшылығының қатысуымен талқылауды ұсынды.

Сағат 10:40-та олар жұмыс орындарына тарады. Бастамашы топ қала басшылығымен кездесті. Құрылыс компаниясының кеңсесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нүркенов қосалқы мердігерлік ұйымдардың басшыларымен, жұмысшылардың бастамашыл тобымен, сондай-ақ Әбу Даби плаза Арабтек консолидейтед контракторс лимитед жобасының жетекшісі Джон Кэмпбеллмен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Арабтек басшылығына тамақтануды ұйымдастыру мәселесін шешу, намаз оқуға жағдай жасау, инфляция жағдайында жұмысшылардың жалақысын арттыру ісі тапсырылды.

Кездесу сенімді атмосферада өтті және қоғамдық тәртіп бұзу тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта құрылысшылар жұмысты штаттық режімде жалғастырып жатыр.