Аталған өтініш 2 мамырда сотқа түскен, ал оны қарау 28 мамырға жоспарланған болатын.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Аблай Мырзахметов Павлодар қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдаған шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды, деп жазады tengrinews.kz.
Аталған өтініш 2 мамырда сотқа түскен, ал оны қарау 28 мамырға жоспарланған болатын. Алайда сот отырысы өтпеді.
"Материал қараусыз қайтарылды: сотталған азамат өтініш жазып, өз өтінішін қайтарып алды", – деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқығы бар сотталғандар әр алты ай сайын осындай өтініш бере алады.
"Енді бұл сотталған азамат дәл осындай өтінішті алты айдан ерте бере алмайды. Бірақ егер ол жаза түрін жеңілдету туралы басқа өтініш жолдаса, оны ертерек қарауға болады", – деп толықтырды сот өкілдері.
Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Абылай Мырзахметов туралы не белгілі?
2024 жылы мамырда ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды. Жазасын өтеу үшін Абылай Мырзахметов Павлодар облысына жіберілді.
Ол 2013 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы болды. 2022 жылы ақпанда Мырзахметовтің ҰКП басшысы өкілеттігі тоқтады.
2002 жылы Абылай Мырзахметов көлік және коммуникациялар министрі қызметін атқарды. Бірақ кейінірек сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілініп, шеттетілді. 2003 жылы ол шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды.