Адамдарды көлігімен таптап өткендер бір үйдің балалары болып шықты (видео)

0
8 945

Үш жігітті көлігімен әдейілеп таптап өткен жігіт қамауға алынған жоқ.


Адамдарды көлігімен таптап өткендер бір үйдің балалары болып шықты (видео)

ERNUR.KZ. Алматыдағы Гагарин даңғылының бойында адамдарды қара түсті көлігімен таптап өте шыққан жігіт әлі қамауға алынған жоқ. Ал, сол көшеде ары-бері ойқастап жүрген екінші көлік - ақ Тойота Камридің рөліндегі күдікті Жандос Әлекеев қолға түсті. Екі көліктегі жігіттер - бір үйдің балалары деп жазады kaz.nur.kz.

Қазір Алакөлден Алматыға келе жатқан ағайындылардың аналарының айтуынша, қара көліктегі Дінмұхаммед Әлекеев, соққыға жығылған ағасын қорғау үшін осындай қадамға барған көрінеді.


"Сөзге келіп, 13 адам төбелескен. Менің ұлым қатты ішпейді. 13 еркек, менің ұлымнан үлкен, ересек адамдар бәрі жабылып, баламды ұрып, тепкілей бастаған. Оны көрген кіші інісі 664 нөмірлі қара көліктегі екінші балам, топ адамды қорқыту мақсатында көлікпен оларға қарай жүрген. Өйткені, онда Жандосты өлімші етіп, ұра бастаған", - дейді Назира Әлекеева.

Екінші күдікті әлі полиция іздеуінде. Ал, олардың қылмысы қайта сараланып, тағылған айып күшейтілген.

"Сезіктілердің іс-әрекеттері қайта сараланып, адамның өміріне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл аса ауыр қылмыс болып табылады. 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімін көздеп отыр", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.