Әділет министрлігі сот орындаушысының іс-әрекеттерін бағалайтын жүйені іске қосады

0
151

ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған шараларды толық бақылауға мүмкіндік береді.


Әділет министрлігі сот орындаушысының іс-әрекеттерін бағалайтын жүйені іске қосады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.

Оның айтуынша, «Цифрлық көмекші» арқылы сот орындаушысының іс-әрекеттерін бағалайтын жүйе енгізіледі; уәкілетті органға жүгінусіз, тікелей жеке сот орындаушыға өтініш жолдауға бағытталған атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесін «Е-өтініш» жүйесімен интеграцияланады; тараптардың өтініштері нұсқаларын автоматты түрде қалыптастырылады; тараптар кабинетінде борышкер мен өндіріп алушыға қабылданған шаралардың уақтылығы мен заңдылығын бақылауға тең дәрежеде қол жеткізу мүмкіндігі жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, атқарушылық жүйені цифрландыру арқылы сот орындаушысы борышкердің шекарадан шыққандығы туралы мәліметті алу мүмкіндігі автоматтандырылады. Былтыр борышкерді іздестіру процесі автоматтандырылды.

Спикер өткен жылы оңайлатылған іс жүргізу жүйесі іске қосылғанын атап өтті. Ол азаматтарды істердің жекелеген санаттары бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатып, оларға қаржылық жүктемені азайтуды көздейді.

«Бүгінгі таңда оңайлатылған іс жүргізуге 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектері жатады. Іске қосылған сәттен бастап 190 мыңнан астам құжат орындалды және мемлекет кірісіне шамамен 4 млрд теңге өндірілді. Азаматтардың үнемделген қаржысы 1 млрд теңгеден асты», - деді Махсат Балабеков.

Оның айтуынша, оңайлатылған өндіріс институтын қолдануды масштабтау жоспарланып отыр.