​АЭС: Байыпты шешім қажет

0
281

Энергия көзіне қажеттілік алдағы жылдары да арта бермек.


​АЭС: Байыпты шешім қажет

фото: ritmeurasia.ru.

ERNUR.KZ. Елімізде атом электр станциясына қатысты мәселе қозғалғалы, бұл тақырып қоғам талқысынан түскен емес. Себебі, АЭС-тің маңызы өте зор. Әрі аты аталғанда-ақ, ойымызға бірден «шамның жарығы», «электр энергиясы» секілді ұғымдар келеді. Шынымен де, солай. Ал, бүгінгі таңда АЭС-сіз күнделікті өміріңді де елестету мүмкін емес.

Мәселен, энергия болмаса қолыңдағы телефон, үйдегі теледидар, тоңазытқыш, компьютер жұмыс істемейді. Тіпті, дүкенге барып, сауда жасай алмауың да мүмкін. Ірі кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары бәрі-бәрі қуат көзіне тәуелді. Әрі бұл әсіресе «жасыл» энергетикаға жаһандық көшу және көмірқышқыл газдар шығарындыларын азайту жағдайында өте өзекті. Бұдан бөлек, атом энергетикасын дамыту елдің ғылыми-техникалық әлеуетін өркендетуге де септігін тигізеді. Қазірдің өзінде, медицина, ауыл шаруашылығында да бірқатар жетістік бары айтылуда. Сондай-ақ, АЭС салу жобаланғанда оның қалдықтарын сақтау, жоюға қатысты қаржы қаралатын жалғыз сала екенін ұмытпау керек. Яғни, қолданылған отынның қоршаған ортаға таралмауына мейлінше мән беріледі.

Дәл қазір бұл мәселенің көтерілуі Қазақстанның жыл өткен сайын мол энергия тұтына бастауымен тікелей байланысты. Еліміз бүгіннің өзінде қуат көзінің тапшылығын сезініп отыр. Ал, қажеттіліктің орнын жабу үшін көрші мемлекеттерден сатып алып отырмыз, яғни, энергетикалық бағытта өзгелерге тәуелділік бар. Ащы да болса шындық! Басқа амал жоқ! Отандық электр станцияларының 70 пайыздан астамы ескірген.

Энергия көзіне қажеттілік алдағы жылдары да арта бермек. Мамандардың есебінше, 2050 жылға қарай ел халқының саны 30 миллионға жуықтайды. Бұл өз кезегінде, тұтынатын қуат көлемін де арттыруына әкеп тірейтіні анық. Ал, күн, жел, газдан алынатын энергия қажеттілікті толық өтей алмайтыны айтпаса да түсінікті. Себебері, алдыңғы екеуі табиғатқа тікелей байланысты болса, соңғысы оның көлеміне байланған. Сондықтан тұрақты әрі сенімді түрде энергия беретін жалғыз бақыт – АЭС қана. Сол себепті, болашағымыз үшін барлығымыз да байыпты түрде шешім қабылдауға тура келеді.