АЭС референдумында дауыс берушілерге берілетін бюллетеннің үлгісі жарияланды

0
237

Таңдау үшін екі жауап нұсқасы берілген.


АЭС референдумында дауыс берушілерге берілетін бюллетеннің үлгісі жарияланды

ERNUR.KZ. 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс берушілерге берілетін бюллетеннің үлгісі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина қазақстандықтарға референдумда дауыс беру үшін берілетін бюллетеньді таныстырды.

Бюллетеньде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген бір ғана сұрақ бар. Таңдау үшін екі жауап нұсқасы берілген:

- Иә, келісемін.

- Жоқ, келіспеймін.