Олар нарықта бәсекеге қабілетті бола түскен.
Фото: Azattyq Ruhy
ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жасанды интеллектіні оқытуға арналған «Айсана» бағдарламасы басталғанын мәлімдеді. Бағдарламаға ақпаннан бері 20 мыңнан астам педагог қатысқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның айтуынша, алдағы жылдары еңбек нарығында басты бәсекеге қабілетті топ – жасанды интеллектті меңгерген азаматтар болмақ.
«Жұмыс орындарын жасанды интеллект емес, оны игерген адамдар иеленеді. Ал жаңа технологияға бейімделмегендер біртіндеп еңбек нарығынан ығысып қалады», – деді министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, екі жыл бұрын іске қосылған «coursera» жобасы елімізде цифрлық білім берудің жаңа мәдениетін қалыптастырды.
- 400 мыңнан астам студент халықаралық сертификатқа ие болды;
- Курстарды аяқтау көрсеткіші – 80%, бұл әлемдік деңгейдегі жоғары нәтиже болып саналады.
«Үш апта бұрын ғылым министрлігі «Tour-40 Global Award» халықаралық сыйлығын алды. Бұл жетістік еліміздің білім саласында жаңа технологияларды енгізудегі табысының дәлелі болды»,- деді ол.
2025 жылдан бастап Қазақстанда «Айсана» бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында оқытушылар мен студенттер жасанды интеллект негіздерін меңгереді.
- 20,5 мың педагог оқудан өтті;
- 8 мыңнан астамы сертификат алды;
- оқу жылының соңына дейін барлық оқытушы-профессорлық құрам қамтылмақ.
- Бағдарлама Google, NVIDIA және 12 қазақстандық университетпен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.