Әйеліне екінші күйеу сыйлаған қазақстандық желіде қызу талқыға түсті (видео)

0
630

Видеокадрда ер адам келіншегіне арналған сыйлық қорабын ашып, ішінен басқа бір азаматты шығарады.


Әйеліне екінші күйеу сыйлаған қазақстандық желіде қызу талқыға түсті (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ер адамның келіншегіне екінші күйеу сыйлаған видеосы қызу талқыланып, қазақстандықтардың таңданысын тудырды, деп жазады stan.kz.

Видеокадрда ер адам келіншегіне арналған сыйлық қорабын ашып, ішінен басқа бір азаматты шығарады.

Осы кезде бөлмедегі ерлердің бірі "Жарайсың!" деп айғайлайды.

Бұл әзіл немесе ұйымдастырылған ойын болуы мүмкін. Алайда күйеуінің бұл іс-әрекетіне ашуланып, жарыса пікір жазған.

"Әйелін қызғанбаған еркек жәннаттың исінде искей алмайды деген хадисте", "малдан айырмашылығың қалмапты ғой", "мынау не масқара,осындайларды жауапқа тарту керек", "бұл қылықтарын қолдамаймын", "құтылудың амалы сияқты", "өтірік түсірілім болар", "осындай ой салғандарға айыппұл төлету керек", – деп шүйлікті оқырмандар.

Еске салайық, бұған дейін мамандар екінші әйел болуға келісетін қазақстандық қыз-келіншектердің көбейіп кеткенін айтып дабыл қаққанын жаздық. Олар әлеуметтік желілер мен танысу сайттарында тоқал болатынын ашығынан жарнамалайды екен. Мамандар әлеуметтік желілерде қыз-келіншектер қауымының ауқатты ер адам іздейтін хабарлама тарататынын айтады. Әсіресе танысу сайттарында және неке агенттіктерінде “екінші әйел болуға дайынмын” деген жазбалар көп екен.