Әйелінен өш алмақ болған: Павлодар облысында ер адам мектепке от қойды

0
810

34 жастағы ер адам көрші ауылда тұратын болып шықты. Өзінің сөзінше, ол мас күйінде әйелі жұмыс істейтін мектепке барған


Әйелінен өш алмақ болған: Павлодар облысында ер адам мектепке от қойды

ERNUR.KZ. Павлодар облысының тұрғыны бұрыңғы әйелінен өш алмақ болып, ауыл мектебіне от қойды, деп жазады sputnik.kz.

Успенск ауданының Новопокровск ауылына ер адам әдейілеп келген. Содан кейін әйелі жұмыс істейтін мектепке барып, есіке солярка шашып тұтатқан.

Полицияға ауылдық округ әкімі хабарласты.

Әкімнің айтуынша, 2 желтоқсанда таңғы сағат 4-те белгісіз біреу мектептің кіре беріс есігін өртеген.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кірісті. Ол бір тәуліктен кейін табылды.

34 жастағы ер адам көрші ауылда тұратын болып шықты. Өзінің сөзінше, ол мас күйінде әйелі жұмыс істейтін мектепке барған. Оған кесірін тигізу үшін мектептің есігін өртеген.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мектептің кіре беріс есігі ғана өртенген.

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.