Психилогтер ерлерге осындай кеңес берді.
иллюстрациялық фото
Нәзік жандар өзіне мақтауды көбірек естісе, салон жағалап, киім бутиктерінің табалдырығын тоздырмайды екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Астаналық Клара Бәйдібекова 57 жастамын дейді. Бетпердесін шешкені сол екен, алдымызда 45 тен енді асқан келіншек отырғандай сезіндік. Түрлі сән салондары мен косметологқа ақша аямайтын көрінеді. Салоннан шыққан бойда жан дүнием құлпырып,көңіл күйім көтеріледі дейді. Әйелдің мұндай күйде болуы отбасындағы атмосфераға да әсер етеді екен.
Клара Бәйдібекова, қала тұрғыны:
Косметологиялық процедура алғасын өзіне сенімділік пайда болады. Не только жұбайы, ер адам отбасында жанындағы адамдар да жақсы комплимент айтады. Әйел адам өзіне өзі сенімді болады. Настроениесі болады, сенімді адам жұмысқа да, үйге де басқа көңіл күймен аударады. Отдача болады.
Косметолог Оксана Васильеваның сөзінше, егер әйел стреске түссе, оған ешқандай маман көмектесе алмайды. Өзі жұмыс істейтін салонда нәзік жандының көркін ашатын барлық керек-жарақ бар. Алайда маман қанша жерден тырысса да, әйелдің ішкі жан дүниесі дұрысталмай, оның сырт келбетін әдемі ете алмайсың дейді.
Оксана Васильева, косметолог:
Біздің салонға келетін әрбір 20 клиенттің кем дегенде 3-4 психологиялық түйткілі болады. Көбіне бұл депрессия. Ондайларды бірден көремін де, психологқа жіберемін. Мұндай жанның қанша жерден әжімін кетіріп, бетін жайнатқанымен, көздерінде от болмайды. Көңілсіз жүреді. Мұндай кезде сұлулық туралы айтудың өзі әбес.
Ирина Эйсфельд, сән салонының директоры:
Егер әйел өзінің әдемілігі туралы мақтаулар естімесе, өзін жайсыз сезіне бастайды. Бірдеңе өзгерткісі келіп тұрады. Бұл ретте олардың сүйіктілеріне айтар кеңесіміз- өз әйелдеріңізді жиірек мақтаңыз. Сонда жұбайыңызда өзіне деген сенімділік пайда болады. Олар мұндай күйде тіпті сән салондарын жағалауды да азайтады.
Психотерапевт Андрей Ломайский әйелдерге сән салондарының қызметіне жүгінгенде , бастысы шектен тыс әуестеніп кетпеу керектігін ескертті. Әйтпесе "артық қыламын деп тыртық қылуыңыз" да ғажап емес.
Андрей Ломайский, психотерапевт:
Егер әйел бір реттік процедураларға барып, өз бойындағы бір мінді түзегісі келсе бір сәрі. Ал сән қуып, ота жасайтын хирургтерді ұдайы жағалап жүретіндерге айтарым – бұл аурудың белгісі. Ипохондрия деп аталады. Оны емдеу керек.
Ал Елена Вожова ер адамдар тарапынан мақтауға кенде емеспін дейді. Келіншек ота және инемен жасалатын шараларды мойындамайды. Оны кейінге қалдыратын бірден бір жол – косметолог маманға жиі келу деп есептейді.
Елена Вожова, қала тұрғыны:
Әзірге инемен жасалатын процедураларға дайын емеспін. Құдай бізді онсыз да әемі етіп жаратты. Сол әдемілікті қаз қалпында сақтап қалу керек деп санаймын. Бұл салонның мамандарына бетімді тазартуға, массаж жасатуға келемін.
Кейіпкерлеріміздің пікірі сан-сақтан шықса да бәрі де бір тоқтаммен келісті. Бастысы ақша табуға емес, шынымен де жақсы нәтиже беруге ұмтылған маманға ғана жүгіну керек, дейді олар.