Air Astana экс-қызметкердің даулы мәлімдемесіне ресми түрде жауап берді

0
133

Әуе компаниясы хатта жарияланған, компания қызметкерлерінің ішкі хат алмасуынан алынған үзінділер ретінде ұсынылған суреттердің шынайы, толық және түпнұсқа екенін жоққа шығарды.


Air Astana экс-қызметкердің даулы мәлімдемесіне ресми түрде жауап берді

Фото: Air Astana
ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы Air Astana мен FlyArystan компанияларының бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулхановтың резонанс тудырған хатына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін Ренат Абулхановтың хатына байланысты Бас көлік прокуратурасы тексеру бастаған еді. Ұрлық және ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы қылмысты жасады деп айыпталған Ренат Абулханов бір жылдан астам уақыт бойы қамауда отыр. Ол хатында өзінің кінәсіз екенін, айыптаулардың қолдан жасалуы мүмкін екенін және әуе компаниясының басшылығы тарапынан ұжымдық қысым болғанын айтты.

Air Astana компаниясы қазір Абулхановқа қатысты құзырлы органдардың өндірісіндегі қылмыстық іс шеңберінде процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Компанияның мәлімдеуінше, олар заң бойынша әрекет етеді және тергеу органдарына қажетті көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ ол істің нақты мән-жайын бағалау, біреуді кінәлі немесе кінәсіздігі туралы қорытынды жасау тек соттың құзыретіне жататынын атап өтті.

“Компания тарапынан IPO-ға дайындық кезінде “басшылықтың тапсырмаларын орындаудан бас тартқаным үшін қудаландым”деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және бұл қоғамдық пікірді манипуляциялауға жасалған әрекет”, – делінген Air Astana-ның ресми жауабында.

Әуе компаниясы хатта жарияланған, компания қызметкерлерінің ішкі хат алмасуынан алынған үзінділер ретінде ұсынылған суреттердің шынайы, толық және түпнұсқа екенін жоққа шығарды. Мәлімдемеде суреттердің қайдан шыққаны және оның мазмұны тек заңда белгіленген тәртіппен ғана тексерілетіні айтылған.

“Air Astana компаниясы өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін тексерілмеген ақпарат пен материалдардың таратылуын жалғасып жатқан тергеу барысында қоғамдық пікірге қысым жасау әрекеті ретінде қарастырады және өз заңды мүдделерін құқықтық тәсілдермен қорғау құқығын өзінде қалдырады”, – деп атап өтті компания.

Сондай-ақ әуе компаниясы БАҚ өкілдері мен халықты сот процесі аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасамауға шақырды.