Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады.
Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"
ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып ұшу туралы шешім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің ұсынысы бойынша Дубайға ұшатын ұшақтар Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін болды.
"Осыған байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады. Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады", - дейді Air Astana.
Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады.