Бұған борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
ERNUR.KZ. Шарм-эль-Шейх - Атырау бағытында ұшқан Air Astana лайнері Баку әуежайына шұғыл қонды, деп жазады zakon.kz.
Sputnik Әзербайжанның хабарына қарағанда, бұған борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 16:50-де сәтті қонған.
Жолаушыны қонғаннан кейін бірден жедел жәрдем бригадасы әкетіп, оны астанадағы емханалардың біріне жатқызған.