Air Astana жолаушыларына Fly Arystan борттарында ұшқаны үшін өтемақы төленеді

0
810

Жолаушыларға алдын ала ескертілмеген.


Air Astana жолаушыларына Fly Arystan борттарында ұшқаны үшін өтемақы төленеді

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті тарапынан Air Astana әуекомпаниясының борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді, деп жазады tengritravel.kz.

Комитет мәліметінше, 2023 жылдың өткен кезеңінде Air Astana әуекомпаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелері Fly Arystan әуекемелеріне ауыстырылды, бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7 пайызын құрайды. Сондай-ақ, жолаушыларға алдын ала ескертілмеген.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Air Astana АҚ-мен жұмыс кеңесін өткізіп, мынадай тапсырмалар берді.
  • Air Astana әуе кемелерін Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдасын;
  • әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;
  • әуекемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Air Astana резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі өз кезегінде рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.