Оқиға жасөспірімнің анасы үйде болмаған кезде болған.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Қостанай облысында АИТВ-инфекциясын жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған, деп жазады zakon.kz.
Alau.kz басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиға жасөспірімнің анасы үйде болмаған кезде болған.
"Жәбірленуші ауыр дертке шалдығудан аман қалды", – деп нақтылады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Іс жабық сот отырысында қаралған. Қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін үш жасөспірімнің Шымбұлақ шыңындағы жартаста қалып қойғандығы хабарланған болатын.