​Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

0
74


​Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ERNUR.KZ. Ақорда Ақан Рахметуллиннің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды” , - делінген ақпаратта.
Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының референті, атташесі (1993-1994)

Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы (1994-1996)

ҚР СІМ Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы (1996-1999)

ҚР СІМ-нің Алматыдағы Өкілдігінде екінші, бірінші хатшы, кеңесші (1999-12.2002)

Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінде бірінші хатшы, БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитетінің мәселелерімен, БҰҰ-ның әртүрлі органдарына сайлаумен айналысты (12.2002-2004)

Қазақстан Республикасы СІМ Орталық аппаратының Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директор орынбасары (2004-2007)

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты Өкілінің кеңесші-елшісі, орынбасары (Вена, 2007-2011)

Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2011)

Қазақстан Республикасы СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры (12.2015-10.2019)

Қазақстан Республикасының Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2019-04.2021)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі (05.04.2021-04.2022)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі (08.04.2022-06.10.2022)

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты Өкілі (06.10.2022-16.05.2024)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі (16.05.2024 бастап) болды