Әкімдіктің қоршауы құлап, бір адам мерт болды

0
468

Қазір қайғылы жағдайдың анық-қанығы анықталуда.


Әкімдіктің қоршауы құлап, бір адам мерт болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысына қарасты Қалқаман кентінде жол бойында тұрған қоршау құлады. Оқыс оқиға салдарынан жұмысшылардың бірі қаза болды, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қоршау жергілікті әкімдікке тиесілі. Бірақ қайғылы жағдайдың не себепті орын алғаны әзірше түсініксіз.

Облыстық полиция департаменті мән-жайды анықтауға кірісті. Әкімдік тарапынан әзірше ресми мәлімет жоқ.