Ақмола облысында 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады: полиция іс қозғады

0
656

Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады


Ақмола облысында 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады: полиция іс қозғады

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз асылып қалды. Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады, деп жазады kaz.inform.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған.

«Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деді ведомстводан.