Ақмола облысында экскурсиялық автобус жол апатына ұшырады

0
125

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар.


Ақмола облысында экскурсиялық автобус жол апатына ұшырады

Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус туристерді Астанадан Щучинск-Бурабай курорттық аймағына алып бара жатқан, деп жазады inform.kz.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым күні сағат 13:10 шамасында «Щучинск — Бурабай» автожолында жол-көлік оқиғасы болған.

— Алдын ала анықталғандай, Щучинск қаласынан Бурабай бағытына қарай келе жатқан Volvo маркалы автобустың жүргізушісі қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Changan автокөлігімен соқтығысқан. Кейін инерциялық қозғалыстың әсерінен автобус жол жиегіндегі ағашқа соғылған, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны әзірге нақтыланбады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус Астанадан шыққан туристерді тасымалдаған. Олардың арасында балалар болмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысындағы тасжолда болған жол апатынан екі адамның қаза тапқаны хабарланған еді.