Ақмола облысында ішінде науқас бар жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

0
664

28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші жарақат алған.


Ақмола облысында ішінде науқас бар жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. "Астана-Қабанбай батыр" жолының 18-шақырымында "Құрылтай" тұрғын үй кешенінің маңында екі "ГАЗель" соқтығысты. Оқиға 13 желтоқсан күні сағат 03:50-де болған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, деп жазады zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қабанбай батыр көшесіне қарай бара жатқан 28 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, Астанаға бет алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші жарақат алып, Астана полиция департаментіне жеткізілді.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша тергеуді бастады.

Оқиғаның куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған.