Облыста жасы 65-тен асқан егде жастағы кісілерге далаға шығуға тыйым салынды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды, деп жазады Tengrinews.kz.
Карантиннің күшейтілген режимі 13 сәуір сағат 21.00-ден 25 сәуірге дейін жалғасады.
Енді Ақмола облысына кіруге немесе шығуға, сондай-ақ, елді мекендер арасында қатынауға тыйым салынады. Сондай-ақ, жасы 65-тен асқан егде жастағы кісілерге далаға шығуға тыйым салынып отыр.