Ол өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 млн теңге берген.
ERNUR.KZ. Шортанды ауданы кентінің әкімі лауазымды тұлғаға пара бергені үшін сотталды, деп жазады Azattyq Ryhy.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша депараментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 мамырында Көкшетау қалалық сотының үкімімен бұрынғы әкімге қатысты сот үкімі шықты.
«Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кентінің экс-әкімі Ц. Мәмбет орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Сотталған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.