Білім беру сапасын арттыруда мектептердің сапалы және заманауи оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі үлкен рөл атқарады.
Ақмола облысында білім берудің заманауи үрдістерін ескере отырып, мектептердің оқу-материалдық базасына ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға сәйкес «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» өңірде мектептерді жаңа модификациядағы заманауи кабинеттермен: физика, химия, биология, робототехника және STEM кабинеттерімен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы 432 млн теңгеге осындай 50 кабинет сатып алынды – бұл 7 - химия, 9 – биология, 21 – Физика, 8-Stem және 5-робототехника кабинеті.
Оқу кабинеттерінің жиынтығына мамандандырылған жиһаз, демонстрациялық және зертханалық аспаптар, техникалық оқыту құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интерактивті жабдықтар және т.б. кіреді.
Бүгінгі таңда облыстың 10 өңіріндегі 15 кабинет бойынша жеткізу толық көлемде аяқталды.
Биыл облыс мектептері үшін жалпы сомасы 400 млн теңгеден асатын 51 жаңа модификация кабинетін сатып алу көзделген.
Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры қаражаты есебінен облыстың тірек ауылдық мектептеріне тағы 50 оқу кабинетін сатып алу жоспарланған.