Ақмола облысында пойыз ер адамды басып кетті

0
381

8 қараша күні Ақмола облысының Макинка станциясында пойыз ер адамды қағып кетті.


Ақмола облысында пойыз ер адамды басып кетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz




"Машинист дабылды басса да, құлаққап таққан әрі күләпара бүркенген ер адам оны естімеген. Ара қашықтықтың қысқа болуына байланысты соққының алдын алу мүмкін болмады", – делінген хабарламада.

ҚТЖ теміржолда жүргінші адамдардың жарақат алуы және жапа шегуі көп жағдайда олардың белгіленбеген жерден өтер кезде жан-жағына мұқият қарамауынан болатынын мәлімдейді.

Теміржол релсінің үстімен жүруге, теміржол маңына масаң күйде жақындауға, құлаққаппен жүруге, сондай-ақ тоқтап тұрған пойыз құрамының астынан өтуге тыйым салынған.