Компанияның Қазақстан аумағында тіркелмегені, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтыны, банктік қызмет пен операцияларды жүргізуге лицензиясы жоқ екені атап өтілген.
ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі QNET қаржылық пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеуді бастады, деп жазады tengrinews.kz.
"Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесі - QNET компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.
Компанияның Қазақстан аумағында тіркелмегені, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтыны, банктік қызмет пен операцияларды жүргізуге лицензиясы жоқ екені атап өтілген.
Іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деді ведомоство.