Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды

0
456

Істің мән-жайы анықталып жатыр.


Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды

ERNUR.KZ. 4 маусым күні Целиноград ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 53 жастағы ауыл тұрғынының Мортық ауылының маңында Есіл өзенінде суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция қызметкерлері оқиға орынын тексеріп, денені визуалды тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Барлық куәгерлерден жауап алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоғамдық жерде алкогольді ішуге жол берілмеуі туралы сұрайды.