Ақмола облысында жалған дипломды мұғалімдер жұмыс істеп келген

0
952

Олар математика, қазақ тілі және т.б. пән мұғалімдері.


Ақмола облысында жалған дипломды мұғалімдер жұмыс істеп келген

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы ауыл мектептерінде жалған дипломмен жұмыс істеп келген 12 педагог анықталды, деп жазады zakon.kz.

Олар математика, қазақ тілі және т.б. пән мұғалімдері.

Мәселен, 2020 жылғы 16 қазанда полиция қызметкерлері облыстағы ауылдардың бірінде тұратын 31 жастағы әйелдің өзі жұмыс істеп жүрген жергілікті мектепке жалған диплом ұсынғанын анықтады.

Педагогке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Жалған мұғалім өз кінәсін мойындады, дипломының жалған екенін біле тұра жұмысқа тұрғанын айтты. Дипломды қымбатқа сатып алғандарын мойындады. 12 жалған педагог жалған құжаттармен кемінде екі жылдай жұмыс істеп келген болып шықты.