Мәйіт Қылшақты өзенінен табылған.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары өлі күйінде табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алдын ала ақпарат бойынша, мәйіт элеватор аймағындағы Қылшақты өзенінен табылған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды.
Бұған дейін Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары екінші тәулік бойы іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.