Ақмола облысында жолды басып қалған су бір көлікті ағызып әкетті: оның жүргізушісі әлі табылған жоқ

0
374

Оқиға кеше, 5 сәуір күні кешке болған.


Ақмола облысында жолды басып қалған су бір көлікті ағызып әкетті: оның жүргізушісі әлі табылған жоқ

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты тас жолда жол талғамайтын көлікті су ағызып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаны редакцияға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

Әлеуметтік желіде сұмдық оқиғаның видеосы тарап үлгерген. Ал, төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша бұл жол су тасқынына байланысты жабық болған. жүргізуші ескертуді елемей, су басқан жолға шығып, жүріп өтпекші болған көрінеді.

«Көліктің ішіндегі екі адамды құтқардық. Үшінші адам әлі табылған жоқ», - деп хабарлады ТЖД.