Ақмола облысында жүк пойызы жиырмадан астам қойды қағып кетті

0
1 115

Пойыз 22 минутқа тоқтап тұрды.


Ақмола облысында жүк пойызы жиырмадан астам қойды қағып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 22 бас ұсақ мал пойыз дөңгелегі астында қалды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
17 маусымда Ақмола облысының ОП-96-Жайнақ учаскесінде жүк пойызының машинисі соқтығысуды болдырмауға тырысып, теміржол жолдарында жануарлардың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. Бірақ соқтығыстың алдын алу мүмкін болмай 22 қой өлді. Пойыз 22 минутқа тоқтап тұрды.
Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесі 43 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол теміржол учаскесінде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері полиция басқармасында пойыздарды апатты тежеу бойынша 824 оқиға тіркелсе, оның 534-і темір жол бойында малдың болуына байланысты орын алған. Осыған орай 351 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.