Ақмола облысында жылқылар аштықтан жаппай қырылып жатыр

0
185

​Жауған қар мен бұрқасын жайылымдағы малды қиын жағдайға қалдырды. Жылқылар не жайылымнан шыға алмай, не жемді қазып жей алмай қиналуда.


Ақмола облысында жылқылар аштықтан жаппай қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жылқылар жайлауда жаппай аштықтан қырылып жатыр. Даланы қалың қар басуы қойшылардың малды үйге айдап әкелуіне кедергі келтіруде, деп жазады КТК.


Жауаған қар мен бұрқасын жайылымдағы малды қиын жағдайға қалдырды. Қар тым қалың әрі тығыз. Жылқылар не жайылымнан шыға алмай, не жемді қазып жей алмай қиналуда.
Жергілікті тұрғындар көмек сұрап жатыр. Айтуларынша, бұл жағдайда тек ауыр техника жолды тазалап, шөп жеткізсе, қалған малды аман алып қалу мүмкін.
Ветеринария бөлімінің басшысы Талғат Жүнісов қазірдің өзінде жүз жылқы қажып, аштықтан өлгенін айтты.
"Қазір қалған малдан айырылып қалмас үшін жылқылар даладағы тебіннен үйлерге жеткізіліп жатыр. Барлығы Степногорск қаласында қырылған, Қырыққұдықта 20, Бөгенбайда 12, Бестөбеде 8 жылқы қырылды", - деді ол.