Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты

0
281

Зардап шеккен тағы 16 адам Астана қалалық ауруханасына жеткізілді.


Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы ауылдық мешітте газ-ауа қоспасы жарылды, деп жазады sputnik.kz.

"Оқиға салдарынан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Үйінділер астынан құтқарушылар 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған баланың мәйітін тапты", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тағы 16 зардап шегуші Астана қалалық ауруханасына жеткізілді.
Сонымен қатар, зардап шеккен тағы 16 адам Астана қалалық ауруханасына жеткізілді.
Бұл уақытта мешітте ас беріп, құран оқыту үшін дастархан жайылғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді тазалауда.Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 30-ға жуық құтқарушы мен 5 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, оның ішінде психологтар, Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алты газ баллонын алып шыққан, ал мешітте барлығы жеті баллон болған.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды, 87162520950 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр.