АҚШ елшілігі референдум қарсаңында журналистерді кеудешемен жабдықтады

0
107

Қазақстан полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшірілді


АҚШ елшілігі референдум қарсаңында журналистерді кеудешемен жабдықтады

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. "Құқықтық медиа-орталық" үкіметтік емес ұйымы Америка Құрама Штаттарының елшілігі берген қаражатқа журналистер үшін кеудешелер сатып алды, деп жазады sputnik.kz.
БАҚ саласында жұмыс істейтін және Қазақстандағы журналистерді құқықтық қорғау мен оқытуға бағытталған үкіметтік емес ұйым әр редакцияға "Press" деген жазуы бар екі жилет беруге дайын.
АҚШ-тың Қазақстан медиа саласына ықпалы кеңейіп келеді. Мысалы, Factcheck.kz порталы "фактілерді тексеру бойынша жаһандық бағдарламасы аясында Meta*-ның алғашқы қазақстандық серіктесі" болды.
"Фактчекер материалды жалған, ішінара жалған немесе өзгертілген деп бағалағанда Meta* жаңалықтар арнасындағы оның көрсетілуін азайтады. Бұл жалған ақпараттың таралуын болдырмауға және оны көретін адамдардың санын азайтуға көмектеседі", - деп хабарлады Meta*.
Егер арнада "жалған ақпарат" көп болса, олар алдымен қамтуды азайтады, содан кейін ол жабылуға дейін жетуі мүмкін.

*Meta және оның өнімдері – Facebook пен Instagram-ға Ресейде тыйым салынған.