АҚШ қазақстандық банкті санкциялық тізімнен шығарды

0
558

Ақпан айының соңында АҚШ, ЕО және Ұлыбритания ресейлік Альфа-Банкке салалық санкциялар енгізді.


АҚШ қазақстандық банкті санкциялық тізімнен шығарды

ERNUR.KZ. АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік Альфа-банктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес мекемесін санкциялық тізімнен алып тастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, мамыр айында Қазақстандағы Альфа-Банктің еншілес мекемесін ЦентрКредит Банкі сатып алып, онда ребрендинг жасаған болатын. Бүгінгі таңда қаржы мекемесінің жаңа атауы — Eco Center Bank. Қазақстанда бұл – санкцияларға ұшыраған банкті сатып алудың алғашқы жағдайы.

Ақпан айының соңында АҚШ, ЕО және Ұлыбритания ресейлік Альфа-Банкке салалық санкциялар енгізді. Сәуір айында АҚШ банктің, сондай-ақ, оның қазақстандық еншілес ұйымының активтерін бұғаттады.