Ақтау халқы жауын тілеп, "Тасаттық" рәсімін өткізді

0
1 140

"Тасаттық – ертеден келе жатқан салт.


Ақтау халқы жауын тілеп,

ERNUR.KZ. Ақтауда халық жаңбыр тілеп, теңіз жағасына намаз оқуға жиналды. "Тасаттық" (жаңбыр шақыру) рәсімін облыстық мешіт ұйымдастырды, деп жазады Stan.kz.

Рәсімді өткізу уақыты бүгін 24 сәуірге, сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін жоспарланған.

"Тасаттық – ертеден келе жатқан салт. Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық кезінде адамдар жауын тілеп, қошқар сойған.

Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. Тасаттыққа жиналған қауым діни рәсімдерді атқарумен қатар жиынның соңын мереке сауыққа айналдырады.

Орта Азияның көптеген халықтары сияқты қазақтар арасында да салт-дәстүрдің негізгі қатысушысы – имам, ол жоғары күштерге жауын жіберуді сұрайды.

Тасаттық сөзі араб тілінде құрбандық деген мағынаны білдіреді.