4 адам жансақтау орталығында.
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform
ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
- Қазіргі таңда ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр.
Оның 4 жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.
2 науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастыруда, - деп жазды денсаулық сақтау мекемесінен.
Облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатқан 6 науқастың 3-уі Әзербайжан, 3-уі Қырғыз елінің азаматы. Олар емдерін толық көлемде алуда.