Ақтау мен Үргеніш арасында жаңа рейс ашылды

0
645

​Әуе рейсі аптасына 2 рет демалыс күндері орындалады.


Ақтау мен Үргеніш арасында жаңа рейс ашылды

ERNUR.KZ. «Үргеніш- Ақтау-Үргеніш» бағытында жаңа рейс ашылды, деп жазады inbusiness.kz.

Салтанатты шараға Ақтау халықаралық әуежайы Бас директоры Киледжи Селчук пен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ниязходжаев Саидикрам қатысты. Осылайша, «Uzbekistan Airways» АҚ «Үргеніш-Ақтау-Үргеніш» бағыты бойынша тұрақты халықаралық рейсті 29 мамырдан бастады. Әуе рейсі аптасына 2 рет демалыс күндері қатынайды.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жолаушылар, түркі тарихына қызығушылық танытқандар Ыстанбұл арқылы Ақтауға, Ақтаудан Үргенішке ұшып кете алады. Хиуаның сұлулығын көріп, әрі қарай Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Түркістан және Үрімжі қалаларына баруға мүмкіндік алады. Бұл туристік бағыт үлкен сұранысқа ие болады деген сенімдеміз. Осылайша, Ақтау қаласы туризмнің хабына айналады», - деді Ақтау халықаралық әуежайы директорының орынбасары Меруерт Жолдыбаева.

Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Оңтүстік-Шығыс Азияға, Еуропаға және АҚШ-қа әрі қарай рейс жасау мүмкіндігімен «Ақтау-Үргеніш-Ташкент» бағытындағы рейстер бар.

«Ақтау халықаралық әуежайы Каспий маңындағы қалалар Грузия және Армениямен тамаша байланыста. Осылайша, Үргеніш жолаушылары Ақтау халықаралық әуежайын транзиттік трансфер ретінде ыңғайлы түрде пайдалануға үлкен мүмкіндік алады. Өз кезегінде Маңғыстау тұрғындары таңғажайып Хиуа қаласына саяхат жасайды. Біз екі елдің саяхатшылары Ақтау мен Үргеніштегі ұсынылған қызметтерді толықтай қолдана алады деп жоспарлап отырмыз», - деді Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Нодиржан Тургунов.

Қалалар арасындағы барыс-келісті жандандыру «Ұлы Жібек жолы» жобасы аясында жүзеге асады.