Ақтауда бір топ оқушының құрдасын ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды

0
841

Видеодан оқушыны әуелі ғимараттың артындағы спорт алаңынан қалай алып кеткені көруге болады.


Ақтауда бір топ оқушының құрдасын ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. 10 мамырда Қазнетте мектеп оқушысын құрдастары ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, деп жазады zakon.kz.

Egov.press Telegram-каналы авторларының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы №28 мектептің оқушылары қатарласын топтасып ұрып-соққан.




Видеодан оқушыны әуелі ғимараттың артындағы спорт алаңынан қалай алып кеткені көруге болады. Сосын балалар оны тепкілейді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты Zakon.kz тілшісіне түсінік берді.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.