Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды

0
2 261

​Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Ақтауда екі жеңіл көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды. Жол апатынан үш адам зардап шекті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болды.

"Шығыс-1" және "Шығыс-2" шағын аудандары арасында Audi B4 пен Toyota 4Runner соқтығысты. Бірінші көліктің жүргізушісі екіншіге жол бермеген.




Автокөліктердің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды.


"Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп мәлімдеді департаменттен.


Жол апатына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.