Ақтауда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден ондаған бүлдіршінді аман алып қалды (ВИДЕО)

0
84

Оқыс оқиға Ақтаудағы 9 қабатты үйлердің бірінде болды


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 34 адамды аман алып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақтау қаласының 32А шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйдің электр қалқанындағы электр сымдары өртенген. Өрт ошағы кіреберістің екінші және бесінші қабаттарының аралығында болған.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, жалынның таралуы мен қатты түтіндеудің алдын алу мүмкін болды.

«Барлау және өртті сөндіру жұмыстары барысында баспалдақ маршымен 34 адам, оның ішінде 27 бала эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.